Қазақстанның қолжазба мұрасы»: Алматыда халықаралық ғылыми жиын өтуде

02.06.2026 16:36

Қатысушылар ислам жазба ескерткіштері қорымен танысып, электронды каталогтар жасау бағыттары жөнінде пікір алмасты

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиынға Түркия, Ресей, Әзербайжан бастаған сегіз мемлекеттен келген 50-ден астам салалық сарапшы-ғалымдар қатысуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Басқосуда сирек жазба жәдігерлерін сақтау, тарихи дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу және мұрағат қорларын цифрлық форматқа көшіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар ислам жазба ескерткіштері қорымен танысып, электронды каталогтар жасау бағыттары жөнінде пікір алмасты.

«Кез келген елдің тарихына оның қолжазбалары мен жәдігерлердің зор мағынасы бар. Ал сол сирек қолжазбаларды тану. Оларды бүгінгі тілге түсінікті етіп, ғалымдарға қолжетімді етіп көрсете білу – маңызды», – деді Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова.

«Қазақстанға келудегі ең басты мақсат – екі ел арасындағы қолжазбалар мұрасын зерттеу, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар ортақ тарихи-мәдени мұраны саралау ісінде бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгінгі және ертеңгі кездесулер барысында да түрлі тақырыпты қозғаймыз. Өйткені тарих екі ел үшін де үлкен маңызға ие деп есептеймін», – деді Түркия қолжазбалары басқармасының президенті Жошкун Йылмаз.

Оқи отырыңыз: Өндіріс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған - министр