Қажылық: Астана тұрғыны Меккеге жаяу бармақ
instagram.com/azamat_sarsembai
Ол шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астана тұрғыны қажылық жасау үшін Меккеге дейін жаяу бармақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ол шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтпек. Бағыты 7 елдің аумағы арқылы өтеді. Астана – Петропавл тасжолында оны полиция экипажы байқап, қауіпсіздігіне алаңдаған тәртіп сақшылары қолдау көрсеткен. Батальон командирі Ерлан Дарбаев бастаған қызметкерлер саяхатшыға арнайы шағылыстырғыш кеудеше сыйлады.
Бұл кеудеше қараңғы уақытта көрінуді арттырып қана қоймай, жаңбырдан да қорғайды. Азамат Сәрсембай полицейлерге шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58