Ол 700 миллион теңгеден астам табыс тапқан
СҚО-да заңсыз кәсіпкерлік және микроқаржылық қызметпен айналысып, 700 миллион теңгеден астам табыс тапқан азамат сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тергеу барысында лицензиясыз қарыз берудің 78 жағдайы анықталған. Қарыз алушылардың басым бөлігі – ақшаға аса мұқтаж, банктен несие ала алмаған азаматтар болған. Мәміленің нақты талаптары құжатта көрсетілмеген. Ал ақшаның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың мүлкі кепілге қойылған. ¤
«Заңсыз қызметтің нәтижесінде 774 млн теңге қылмыстық табыс алынған. Бұл қаражатқа қымбат активтер сатып алынған. Сот үкімімен мемлекет кірісіне 6 пәтер, Toyota RAV4 автокөлігі, Kawasaki мотоциклі, сондай-ақ құны 280 млн теңге болатын бағалы қағаздар тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Төлеби ауданында зейнеткерді тонаған күдіктілер қолға түсті