Қонаевта жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қонаев қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

11 желтоқсаннан 12-сіне қараған түні өңірде соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетіп, көпқабатты үйлердің шатырлары зақымданған. Сондай-ақ ағаштар құлап, инженерлік инфрақұрылым істен шыққан. Қатты желдің салдарынан бірқатар аумақта электр энергиясы да уақытша өшкен.

Ресми деректерге сүйенсек, қала бойынша 31 апаттық жағдай анықталған. Қазір жауапты қызметтер зардапты жою жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

 «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялауға шешім шығарды. Төтенше жағдайлар резервінен бөлінген қаражатқа шатырларды жөндеу және де істен шыққан жарық бағаналарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. 

Айта кетейік, 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған боранды түні қаламызда 2 жедел штаб құрылған болатын», – деді Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызы.

Оқи отырыңыз: Келес өзенінің үстінен өтетін көпір опырылып түсті

Новости партнеров