Қорғаныс министрлігінде 37 іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Комиссия жұмысы қараша айында аяқталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қорғаныс министрлігіндегі кешенді тексерістен кейін 37 іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Мемлекет басшысы құрған комиссия аралық қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес, ведомствоға қарасты 104 нысан тексеруден өтіп, жекелеген құқық бұзушылық деректері анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Комиссия әскери бөлімдердегі қауіпсіздікке, сарбаздардың тұрмыс жағдайына, азық-түлікпен, киім-кешек және медициналық көмекпен қамтамасыз ету сапасына да назар аударған.

Қорғаныс министрлігіне бөлінген бюджеттің тиімді жұмсалуына аудит жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты 37 іс бойынша әзірге толық ақпарат жарияланбайды. Комиссия жұмысы қараша айында аяқталады.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты 300-ден астам адамнан жауап алынды - Бас прокуратура