Қос бірдей қызының көзінше әйелін аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қос бірдей қызының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам қамауға алынды. 25 жастағы Шымкент тұрғыны жұбайын көліктің ішінде соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Беті-аузы қан-жоса болған әйел сол сәттен кейін өзін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Онда келіншек жанжалдың «фотоға түсейікші» деген өтінішінен басталғанын айтады. Бұған қоса, видеода ер адам әйелін 2 миллион теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлегені де айтылып жатыр. Бүгінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған.

«Полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Полиция департаменті Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз жол: Алматыда өткен тәулікте қанша жол ережесі бұзылды