Ресейден экстрадицияланды: Теміртауда есірткі өндірген күдікті елге жеткізілді
Топтың тағы бір белсенді мүшесі 2 ай бұрын Грузиядан Қазақстанға жеткізідген
Қазақстанда психотроптық заттарды заңсыз таратқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу дерегінше, күдікті Теміртау қаласында аса ірі мөлшерде есірткі өндіруге қатысқан. Ал қылмыстық жолмен алынған қаржының 1,8 миллиард теңгеден астамы крипто айырбастау арқылы, тағы 600 миллион теңгеден астамы жылжымайтын мүлік, бизнес нысандары мен көлік сатып алу арқылы заңдастырылған көрінеді. Сондай-ақ топ мүшелері ұсталғанда 10 келіге жуық мефедрон тәркіленген. Күдіктіге бұл қылмысы үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, топтың тағы бір белсенді мүшесі 2 ай бұрын Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын
«Қазіргі уақытта қылмыстық топтың жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ал басқа сыбайластары, оның ішінде күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен жылдың қазан айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.
Оқи отырыңыз: Қос бірдей қызының көзінше әйелін аяусыз ұрған ер адам ұсталды