Қостанай облысында 2 млрд теңгені жымқырған экс-басшы мен орынбасары ұсталды

Depositphotos
Depositphotos

Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді.

"Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты", — делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.

"Тергеу шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды", — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәлеметтер Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. 

 Оқи отырыңыз: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуден бірде-бір дүкен банкрот болған жоқ - министр

Новости партнеров