Қостанай облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Оқиға болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты. «Қостанай -Алматы-Екатеринбург» тас жолының Майкөл ауылы маңындағы бөлігінде жеңіл темір тұлпар мен екі жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Қатты соққыдан жеңіл көліктің түгі қалмай қирап, жүргізушісі көз жұмды. Оқиға болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

«Lada Granta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал DAF жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде жүргізушілерді жылдамдықты төмендетіп, аса сақ болуға шақырады», – деді Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.

Оқи отырыңыз: Рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам автокөлік жолаушылар тасымалынан алынып тасталды