Қызылордада аттракционда жарақат алған жігіттің аяғы кесілді: Полиция қылмыстық іс қозғады

2007 жылы туған азамат көп мөлшерде қан жоғалтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада аттракционда жарақат алған 18 жастағы жігіттің аяғына ампутация жасалды. Облыстық көпбейінді аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, науқас жедел жәрдем қызметімен аса ауыр жағдайда жеткізілген,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Белгілісі, ойын-сауық саябағындағы айналмалы автомат оның дене мүшесін жаншып тастаған. 2007 жылы туған азамат көп мөлшерде қан жоғалтқан. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

«Ота жасалған сол жақ сан бөлігінен 3/1 деңгейінде, сол аяқ тобық деңгейінде ампутация жасалды. Қазір жағдайы өте ауыр. Ауыр жарақатына байланысты реанимацияда қарқынды ем алып жатыр. Жағдайы ауыр тұрақсыз», – деді Қызылорда облыстық Көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Жасұлан Баймаханов.¤

Ойын-сауық орны жеке кәсіпкерге тиесілі. Ал зардап шеккен жас жігіт демалыс орнының қызметкері болып шықты. Қазір полиция тарапынан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларының бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Әділ Анарбаев.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 2 адам суға батып көз жұмды

 

 

 

Новости партнеров