Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтірді

Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өзі берілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол кінәсін мойындапты. Алдын ала мәлімет бойынша 47 жастағы күдікті марқұмның басына аңшылыққа шығатын мылтықпен екі рет оқ атыпты. Ол Қостанай облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді. 

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді ¤Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Екібастұзда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер әшкереленді

Новости партнеров