Қатысқандар жанұядағы еңбек жолын таныстырып, оны үлгі етуге барынша атсалысқан
Алматы электромеханика колледжінде ата-аналар мен балалар арасындағы кәсіби сабақтастықты насихаттауға арналған «Менің таңдауым» байқауы өтті, деп хаарлайды Almaty.tv.
Аталған іс-шараға қатысқандар жанұядағы еңбек жолын таныстырып, оны үлгі етуге барынша атсалысқан. Байқау барысында ең әсерлі жұмысқа дауыс беріліп, жеңімпаздар марапатталды.
«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледж ұйымдастырған іс-шараға қатысудамыз. Бұл жарыстың маңызы зор деп есептеймін, өйткені болашақта осы шараны көрген жастар өздеріне лайықты мамандық таңдап, еліміздің көркеюіне үлесін қосады деп үміттенемін», –деді байқауға қатысушы Рахымбет Бекмұратов.
Оқи отырыңыз: Ашық жүрек: кәсіптік білім беру мекемесі мен әлеуметтік интеграция орталығы меморандумға қол қойды