Құқықтық тәртіп: елімізде үш күнде іздеуде жүрген 12 адам ұсталды

Көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде кейінгі үш күнде іздеуде жүрген 12 адам ұсталды. Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көліктегі полиция департаменті 1200-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, құқық бұзушылықтардың дені – қоғамдық орындарда мас күйде жүріп, азаматтарға тиісу фактісі.

Айта кетейік, қауіпсіздікті күшейту мақсатында өткен іс-шараға кинологиялық қызмет орталығының мамандары тартылған. Олар иттермен патрульдеу жүргізді.

«Түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілісіз  24 кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Франция азаматтарды реадмиссиялаудың құқықтық негізін бекітті

Новости партнеров