Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің жеке шотындағы айналым 6,8 миллион теңгеге жеткен
Екібастұзда кейбір шенеуніктердің құмар ойынға құныққаны анықталды. Олар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәселен, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің жеке шотындағы айналым 6,8 миллион теңгеге жеткен. Осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге ауылдық округ әкімдерінің бірі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары және қалалық әкімдіктің 7 қызметкері барғаны да белгілі болды.
«Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша заңбұзушылықтардың барлық фактісі тіркеліп, материалдар Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жіберілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуын әлсіз бақылағаны үшін қала әкімі аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Екібастұз қаласы прокуратурасының прокуроры Аделия Белгібаева.
Оқи отырыңыз: Несие рәсімдеген: Павлодар облысында фельдшер науқастардың алдап келген