Несие рәсімдеген: Павлодар облысында фельдшер науқастардың алдап келген

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында фельдшер науқастардың сеніміне кіріп, олардың банк шоттарынан ақша жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігер емделушілердің ұялы телефоны арқылы несие рәсімдеген. Қаражатты бөтен шотқа аударып отырған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан. Нәтижесінде, сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол пробациялық бақылауға алынды.

«Сот үкім шығару кезінде айыпталушының кінәсін толық мойындауы, жасаған ісіне өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы және келтірілген шығынды толық өтеуі сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Күдікті кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылаумен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», – деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Агидел Ибраева.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Новости партнеров