Құрылтай депутаттарының үштен бірі – әйелдер

Құрылтай
Құрылтай

Құрылтай депутаттығына 49 әйел сайланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлау қорытындысында Құрылтай депутаттығына 49 әйел сайланды. Бұл депутаттардың жалпы санының 33,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv

Салыстырмалы түрде, Парламенттегі әйелдердің үлесі 18,9 пайыз болған. Елдің заң шығарушы органында әйелдер өкілдігінің артуы — ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижелерінің бірі.

Елімізде әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына, көшбасшылық қабілетін дамытуға және шешім қабылдау үдерістеріндегі өкілдігін арттыруға жағдай жасалып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары аясында 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде әкімдердің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері тағайындалды.

Сол жылы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжатта білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларын қамтитын, сондай-ақ гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту мақсатындағы 46 іс-шара бекітілген.

Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға да айрықша мән беріліп отыр.

Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен 2022 жылы «Томирис» ақпараттық-білім беру бағдарламасы іске қосылды. Ол бойынша бүгінге дейін еліміздің барлық өңірінен 1670-тен астам әйел білім алды. Бағдарлама әлі де жалғасып жатыр.

Биыл мамыр айында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БҰҰ-ның «БҰҰ-әйелдер» құрылымының бірлескен жобасы аясында Астана мен Алматыда әйелдерге арналған оқыту тренингтері өтті. Оған қатысқан 60-қа жуық әйел көшбасшылық және саяси құзыреттерін жетілдірді.

Құрылтайдағы әйелдер үлесінің артуы — әйелдерге тең мүмкіндік жасау, олардың көшбасшылық әлеуетін дамыту және қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жағдай қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстың нәтижесі.

Бұл жұмыс 2026-2028 жылдарға арналған «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» күн тәртібін іске асыру жөніндегі жаңа іс-шаралар жоспары аясында жалғасады. Құжатта әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін шешуге атсалысуы, зорлық-зомбылықтың алдын алу, көшбасшылықты дамыту, цифрлық қауіпсіздік пен орнықты даму бағыттары бойынша 40 іс-шара қарастырылған. 

Дереккөз: Қазақпарат

Оқи отырыңыз: Құрылтай Төрағасының орынбасарлары мен тұрақты комитеттері жасақталды