Құрылтай сайлауы: қоғам белсенділері ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Құрылтай депутаттары сайлауына қатысу – бәрімізге ортақ маңызды міндет. Өйткені ел ертеңі - өз қолымызда». Қоғам белсенділері осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Олардың айтуынша, әр дауыс – мемлекет болашағына қосылған елеулі үлес. Сондықтан өркендеген, дамыған және бақуатты ел  құру жолында бірлігімізді көрсету маңызды.

«Сайлау бұрынғыдай аймақтық принцип бойынша емес, партиялық тізім бойынша өтеді. Менің ойымша қоғамдағы белсенділер, тың тәжірибелі адамдар, ықпалды, ең шынайы, қоғамға тікелей қатысты, әрбір адамның тағдырына жауап бере алатындай заңның өмірге енуіне ықпал ететіндей өте білімді, сауатты адамдар келеді деген ойдамын», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев.¤

«Заңы мықты елдің болашағы зор болады» деген тарихта дәлелденген жағдай. Сондықтан болашақ тек мықты, елдің жанашырлары билікке келуіне тілектеспіз», – деді  Еуропадағы қазақ қауымдастығының негізін қалаушы Сүлеймен Шадқам.

Оқи отырыңыз: Құрылтай – халықтың мүддесі үшін жұмыс жасайтын негізгі орган - заңгер