Құрылтай сайлауы: сарапшылар саяси науқанның ерекшелігі мен маңызын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрылтай Парламент жұмысын жеделдетіп қана қоймай, қабылданатын заңдардың сапасына да әсер етеді. Бұл – сарапшылардың пікірі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сондықтан олар Құрылтай құрамына еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып, жұртты дұрыс бағытқа бастайтын білікті әрі жауапты тұлғалардың кіруі маңызды екенін айтты.

Еске салайын, елдегі маңызды саяси науқанның өтуіне 3-ақ күн қалды. Құрылтайға 7 партия ұсынған тізімнен 145 депутат сайланады. Бұл орындар үшін 545 кандидат бақ сынайды.

«Құрылтайдың еліміздің саяси жүйесіндегі атқарар орны ерекше деп ойлаймыз. Себебі заңдар, заң жобалары тек бір органда қаралады. Құрылтай оны тиянақты түрде қарап, ұсынады деп ойлаймыз. Заң шығару қызметінде талқылаулар жақсы жүзеге асады деп сенеміз», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Гүлнұр Рашева.

«Биылғы сайлау ерекше. Саяси партиялардың бірін таңдаймыз. Менің ойымша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу Қазақстанның әрбір азаматы үшін өте маңызды. Алдағы Құрылтай сайлауында ғылым, білім, мәдениет пен бейбітшілік үшін дауыс береміз. Бұл – келер ұрпақтың болашағы», – деді қоғам қайраткері Вячеслав Локшин.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауының ашық әрі әділ өтуін қадағалаймыз - Диана Малаева