Құрылтай сайлауына үгіт-насихат 23 шілдеде басталады - ОСК

Қазіргі таңда сайлаушылар тізіміне шамамен 12,5 миллион азамат енгізілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрылтай сайлауына арналған үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде күні сағат 18:00-де басталады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанның күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазір Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңі жалғасып жатыр. Келесі кезеңде партиялардың кандидаттар тізімі ресми түрде тіркеледі.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 29 күнге созылып, дауыс беру алдындағы күні аяқталады. Ал 22 тамыз – заңға сәйкес «тыныштық күні». Бұл күні кез келген үгіт-насихат жұмыстарына жол берілмейді.

Қазіргі таңда сайлаушылар тізіміне шамамен 12,5 миллион азамат енгізілген. Дауыс беру күні ел аумағында және шетелдегі учаскелерді қоса алғанда, 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Еске салайық, Құрылтай сайлауы 23 тамызға жоспарланған.

«Бекітілген күнтізбелік жоспар – бұл сайлау науқанының кезеңдерін және олармен байланысты сайлау рәсімдерін белгілейтін негізгі құжат. Біз бәріміз осыған сүйенеміз. Күнтізбелік жоспарда көрсетілген барлық іс-шаралар белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуі тиіс», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты балалар айрықша сурет салды