Білім беру саласында заңдылықты қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Шымкентте миллиардтаған қаржыны жымқырған колледж басшысы 10 жылға сотталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте миллиардтаған қаржыны жымқырған колледж иесі сотталды. 52 жастағы әйел оқымайтын адамдарды студент ретінде тіркеп, олардың атынан мемлекеттен қаржы алып отырған.

Бұдан бөлек, грантта оқитын жастарға «ақылы бөлімде оқисыңдар» деп ақша жинап, мемлекет бөлген оқу ақысы мен шәкіртақыны да иемденген. Сондай-ақ мүлдем жұмыс істемеген колледж атынан жалған құжаттар рәсімдеп, бюджет қаражатын алған.

Осылайша, мемлекетке 1 млрд 300 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сотта күдіктінің бұл әрекеттері дәлелденіп, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның бірнеше көлігі мен пәтеріне тыйым салынды, оның ішінде шетелдегі мүлкі де бар.

«Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде ақылы негізде оқыған студенттердің жалған бұйрықтары арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ретінде есепке алынғаны анықталды. Яғни, студенттер өздері білмеген, ақылы түрде оқып жатқанын ойлаған. Алайда оларға мемлекет есебінен қаржы төленген», – деді судья Сырым Жақсылықов.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауына үгіт-насихат 23 шілдеде басталады - ОСК