Құтқарушылар Балқаш көлінде жоғалып кеткен ер адамды тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Балықшы жағадан 24 шақырым жерден табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында Балқаш көліне балық аулауға шығып, қайта оралмаған ер адамды құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол таңертең Приозерск қаласынан 15 шақырым қашықтықтағы көлге моторлы қайықпен балық аулауға кеткен. Алайда белгіленген уақытта қайтып оралмаған соң, іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Іздестіру барысында құтқарушылар ер адамды жағадан 24 шақырым қашықтықтағы көл акваториясынан тапқан. Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ол өздігінен жағаға жете алмаған.

Құтқарушылар ер адамды жағаға жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Оқи отырыңыз: Еліміздің үш қаласында есірткі тасымалдаған күдіктілер ұсталды