Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Құтқарушылар Балқаш көлінде жоғалып кеткен ер адамды тапты