Қылмыстық іс қозғалды: Полиция қоқыстан табылған жаңа туған баланың анасын анықтады
Дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Жамбыл облысында қоқыс жәшігіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен көкек ана табылды. Бұл ақпаратты аудандық полиция бөлімі растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Қордай ауданындағы Гвардейск гарнизоны аумағында болған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын зерттеп, аталған дерек бойынша жаңа туған сәбиді қауіпті жағдайда қалдыру бабымен қылмыстық іс қозғады. Ал дәрігерлердің айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады. Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Полиция департаменті баспасөз орталығының жетекшісі Гүлсара Мұқтарқұлова.
Оқи отырыңыз: Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот: Апат болған үйде қайтадан жарықтар пайда бола бастады