Байқау таныстыру, өз өнерін көрсету, сәнді киім үлгісі секілді бес бөлімнен тұрды
«Қыз еркем, анасымен көркем». Алматыдағы «Шапағат» әлеуметтік орталығында осындай атаумен Наурыз мейрамына арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызмет алушылар арасында ұйымдастырылған сайыста шаһардың бірнеше әлеуметтік орталығының қыздары аналарымен бірге өнер көрсетті. Байқау таныстыру, өз өнерін көрсету, сәнді киім үлгісі секілді бес бөлімнен тұрды. Іс-шара соңында үздік деп танылған өнерпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
«Сайыстың ең басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, әр қыз баланың бойындағы инабаттылықты, адамгершілікті, ізеттілікті тәрбиелеу. Көркем мінезін, білімін, өнерін, адагершілік қасиетін қалыптастыру», – деді «Шапағат» әлеуметтік орталығының директоры Анаргүл Оспанова.
Оқи отырыңыз: Наурыз мейрамына орай тақия кестелеуден шеберлік сағаты өтті