Қызмет пен шығармашылық үндестігі: ақтаулық матрос тарихи тұлғалар туралы картиналар салады

ҚР Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

Бақдәулет Күздібаевтың сурет салуға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери қызметті шығармашылықпен ұштастырып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Атырау облысынан төрт ай бұрын Әскери-теңіз күштерінің қатарына шақырылған ол қазіргі уақытта механик-жүргізуші лауазымында қызмет атқарады.

Бақдәулет Күздібаевтың сурет салуға деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Мектеп және студенттік жылдары ол стендтерді, плакаттар мен қабырға суреттерін безендірген. Әскер қатарына келгеннен кейін өз әуестігі туралы командирлеріне айтып, олардың қолдауына ие болды. Қазіргі уақытта ол қызметтен бос уақытында сурет салады.

Матростың айтуынша, басты мақсаты — туған әскери бөлімінде игі із қалдырып, өзінен кейін келетін әскери қызметшілердің ұлттық тарихтың батырларын танып, құрметтеуіне үлес қосу.

Қызмет ету барысында Бақдәулет Күздібаев белгілі батырлар мен хандардың бейнесін қамтыған бірқатар ауқымды туындыны дүниеге әкелді.

Сонымен қатар ол аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған жеке туынды да салған.

"Матрос Бақдәулет Күздібаевтың үлгісі қатаң күн тәртібі, жауынгерлік даярлық пен қарқынды жаттығуларға қарамастан, әскерде шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға мүмкіндік бар екенін айқын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның арнайы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады

Новости партнеров