Қызыл кітапқа енген сирек құстарды шетел асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Ителгілерді аулау Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүзеге асырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген сирек құстарды шетел асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ителгілерді аулау Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүзеге асырылған. Тінту шаралары нәтижесінде 40-тан аса құс, 5 атыс қаруы, шамамен 200 оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал аң алатын қабілеті бар құстар Қарағанды хайуанаттар бағына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 122 кәсіпорын жауапкершілікке тартылды

Новости партнеров