Референдумға дейін:
25
күн
20
сағат
55
минут

Есірткісіз болашақ: Алматыда есірткіге қарсы профилактикалық іс-шара өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлт саулығы – ел болашағы. Алматыда осы ұстанымды ұран еткендер «Есірткісіз болашақ» атты жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құқық қорғау органдарының өкілдері, колледж ұстаздары мен студенттер атсалысқан басқосуда жастарды салауатты өмір салтына дағдылау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл ретте білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы профилактиканы күшейтіп, құзырлы мекемелермен өзара іс-қимылды арттыру қажет екені айтылды.

«Есірткісіз өмір – есірткісіз бала» жұмысымыздың ең күретамыры деп айтуға болады. Неге? Есірткісіз бала – жақсы маман. Жақсы маман – ертең халыққа қызмет істейтін адам. Ол – жақсы семьяның, халықтың, мемлекеттің тірегі деп түсінеміз», – деді Жоғары медициналық-стоматологиялық колледжінің бас директоры Сәуірбек Рузуддино.

«Полиция қызметкерлері көбінесе колледждерде, мектептерде, ЖОО-ларда лекция оқиды. Спорттық ұйымдар және форумдар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл –  2025 жылы 09 желтоқсанда күшіне енген №1012 Үкімет қаулысы аясында қабылданған кешенді жоспар», –  деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.

Оқи отырыңыз: Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толды: Алматыда ардагерлеріне рухына тағзым етілді

Новости партнеров