Оқиға болған сәтте жеңіл машина толығымен жанып кеткен
Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының Шаған ауылы тұсында болған. «Ауди» маркалы жеңіл көлік «Урал» көлігімен соқтығысқан. Белгілі болғандай ауыр жүк көлігі Қызылорда облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне тиесілі екен. Қызметтік көліктің ішінде жүргізушімен бірге 23 әскери қызметкер болған. Сарбаздар өртеніп жатқан көлікті қармен өшіруге тырысқан. Оқиға болған сәтте жеңіл машина толығымен жанып кеткен. Ал қызметтік көлікке едәуір зақым келген. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Екі автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бір автокөлік өртеніп, жүргізуші қайтыс болды. Қызылорда облысы полиция департаменті жол көлік оқиғасынан адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізуде», – деді Қызылорда облыстық ПД Анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахымжан Сұлтанқұлов.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидаларының құрығына түспеу үшін нені білу керек