Қызылша көбіне қарапайым суық тию белгілерінен басталады
Қызылша – ауа-тамшы жолымен таралатын аса жұқпалы вирустық инфекция. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналар мен тұрғындарды аурудың белгілеріне мұқият болуға және дер кезінде медициналық көмекке жүгінуге шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қызылша көбіне қарапайым суық тию белгілерінен басталады: дене қызуы көтеріледі, тұмау, жөтел, әлсіздік пайда болады. Бұл ауру балалар мен екпе алмаған адамдар үшін әсіресе қауіпті, себебі оларда қызылша ауыр өтеді.
Қызылшаның негізгі белгілері
Ең жиі кездесетін белгілер:
Қосымша белгілер:
Қызылша өте жұқпалы
Қызылша – ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Ауру адаммен бір бөлмеде қысқа уақыт болудың өзі вирус жұқтыруға жеткілікті. Науқас бөлмеден шыққаннан кейін де вирус ауада 2 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.
Сонымен қатар, адамда симптомдар әлі байқалмай тұрғанның өзінде, ол айналасындағыларға инфекция жұқтыруы ықтимал. Сондықтан уақыт жоғалту асқынуларға және аурудың кең таралуына әкелуі мүмкін.
Қызылша «иммундық амнезия» тудырады
Бұл вирус иммундық жүйеге бұрын таныс болған инфекцияларды 2–3 жылға «ұмыттырып», баланың басқа ауруларға шалдығу қаупін арттырады.
Нәтижесінде:
Қызылшаның ауыр салдары
Кейбір ата-аналар қызылшаны тек бөртпе мен қызба деп қабылдайды. Алайда бұл, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар үшін, өте қауіпті ауру.
Ауру жұқтырған әр төртінші адамда келесі асқынулардың бірі дамуы мүмкін:
Қатты интоксикация, жоғары қызу және гипоталамус тіндерінің вирустық зақымдануы қыз балаларда гормондық жүйенің қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін.
Қорғанудың жалғыз сенімді жолы – вакцинация
Қызылшадан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді тәсілі – вакцинация. Екпе ауыр асқынулардың алдын алып, иммунитеттің әлсіреуіне жол бермейді.
Баланың әл-ауқатында мазасыз белгілер байқалса, өз бетінше емделмей, міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет. Ерте диагностика мен уақытылы медициналық көмек асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Қызылша – елемеуге болмайтын қауіпті инфекция. Денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаудың ең дұрыс жолы – екпе алу және профилактикалық шараларды сақтау.
Оқи отырыңыз: Менингококк инфекциясы: алғашқы белгілері мен алдын алу шаралары қандай