Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – ересектердің балалардың жолдағы жүріс-тұрысына мән бермеуі және жол қозғалысы ережелерін сақтамауы
Жыл басынан бері Абай облысында 200-ден аса жол-көлік оқиғасында балалар болған. Апат салдарынан үш бала қаза тауып, 287-сі жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыста жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 786 оқиғаға жеткен, оның 231-і кәмелетке толмағандармен байланысты. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – ересектердің балалардың жолдағы жүріс-тұрысына мән бермеуі және жол қозғалысы ережелерін сақтамауы.
Ведомство жүргізушілерді әсіресе балалар көп жүретін мектеп, балабақша мен қоғамдық көлік аялдамалары сияқты жерлерде абай болуға шақырады.
"Ата-аналарға балаларымен үнемі профилактикалық әңгіме жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру ұсынылады".
Оқи отырыңыз: Моңғолияда қарлы дауыл туралы ескерту жарияланды