Қайтарылған активтер: Ақтөбе облысында дәрігерлік амбулатория салынды

09.10.2025 16:55

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен медициналық көмек көрсететін 11 жоба қолға алынған

Олигархтар мен жемқорлардан қайтарылған қаржыға Ақтөбе облысында дәрігерлік амбулатория салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маржанбұлақ ауылында бой көтерген нысан тәуілігіне 45 науқасты қабылдайды. Медициналық мекеме заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу бөлмелері бар. Бұл тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Амбулаторияның құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 190 миллион теңге бөлінген.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен медициналық көмек көрсететін 11 жоба қолға алынған. Қазірдің өзінде 4 нысан ел игілігіне берілген. Қалған жетеуінің құрылысы жүріп жатыр.

«Бұл амбулаторияның ішінде бірнеше бөлме жұмыс жасауға ыңғайлы. Яғни, дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмесі бар. Қабылдау бөлімі, 4 орындық күндізгі стационар, физиоем қабылдайтын кабинет, акушер бөлмесі бар», – деді дәрігерлік амбулаторияның бөлім меңгершісі Светлана Ағзамова.

«Халқымызға дәрігерлік амбулатория ашып беріп жатыр, рақмет! Жақсы салынған, іші таза, ұнайды. Қуаныштымыз!» – деді Маржанбұлақ ауылының тұрғыны Өмірбай Ниязов.

Оқи отырыңыз: Келесі жылы ең төменгі жалақы 99 мың теңге болуы мүмкін