Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға қандай қолдау көрсетіледі

Almaty.tv
Almaty.tv

13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға мемлекет 1 трлн. теңге бөлген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.

Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.

Новости партнеров