Бүгінгі таңда Үржар ауданында баспана кезегінде 1060 адам тіркелген
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы Үржар ауданының 12 елді мекенінде (Үржар, Ақжар, Елтай, Таскескен, Алтыншоқы, Айтбай, Науалы, Егінсу, Жанай, Бестерек, Қазымбет, Жоғарғы Егінсу) жалпы ауданы 5790 болатын екі пәтерлі 41 үй салынды. Нәтижесінде 82 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жоба аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды қадам.
Бүгінгі таңда Үржар ауданында баспана кезегінде 1060 адам тіркелген. Олардың 195-і ата — анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдер, 272-і мемлекеттік және бюджеттік мекемеле қызметкерлері, 14-і үйлері апатты деп танылған азаматтар. Сонымен қатар 406-ы халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері және 173-і көп балалы отбасылар.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында 30 көп балалы отбасы жаңа қоныс қуанышына кенелді