Қазақстандықтар 2026 жылғы ақпанда қалай демалады

коллаж Almaty.tv
коллаж Almaty.tv

Бұл айда 8 демалыс күні бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер қарастырылмаған, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болып қала береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа кезеңі болғандықтан, қазақстандықтар барлығы 8 күн демалады.

Дегенмен, ақпанда кәсіби және өзге де атаулы күндер бар. Олар жұмыс күндеріне сәйкес келгеніне қарамастан атап өтіліп, сол салаларға қатысы бар жандарға құрмет көрсетіледі.

Кәсіби мерекелердің тізбесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген. Аталған құжат алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.

Кәсіби және атаулы күндер:

  • 1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні
  • 2 ақпан – Ұлттық басылым күні
  • 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні

БҰҰ күнтізбесі бойынша:

  • 4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күні; Адамзат бауырластығының халықаралық күні;
  • 10 ақпан – Дүниежүзілік бұршақ тұқымдас дақылдар күні;
  • 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні;
  • 12 ақпан – Қызыл қол күні (2002 жылдан бері БҰҰ деңгейінде соғыс пен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде аталып өтеді); Дарвин күні;
  • 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні;
  • 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні;
  • 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;
  • 27 ақпан – Дүниежүзілік ҮЕҰ күні немесе Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық күні.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар музыканың жүргізушілердің мінез-құлқына қалай әсер ететінін анықтады

Новости партнеров