Қанды қылмыс: ауруханалардың бірінде бұрынғы күйеуі әйелді пышақтап кетті

Келіншек алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы ауруханалардың бірінде әйел адамды бұрынғы күйеуі тапа-тал түсте пышақтап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келіншек алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Қанды қылмыстан соң аурухана да жұмысын тоқтатты. Бірақ әзірге емхана басшылығы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Айта кетейік, келіншек аудандық ауруханада заңгер болып жұмыс істеген. Бұрынғы күйеуінен екі баласы бар. Ал әйелді асқан қатыгездікпен өлтіріп, ізін суытпақшы болған 33 жастағы ер адам қазір қамауда. Әзірге азаматтың мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

 «Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған дерек бойынша адам өлтіру бабына қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жариялауға жатпайды», – деді ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Айбек Шапихов.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да екі баланы зорлады деген күдік бойынша бұрынғы полицей ұсталды

Новости партнеров