Оқиға Алтай ауданында болған
Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Алтай ауданында болған. Күдікті ретінде ұсталғандардың бірі — бұрынғы полицей болып шықты.
"Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар А.Ж. ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде