Қар патшайымы: Алматы циркінде ертегінің жаңа нұсқасы көрсетілді

Бағдарлама әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына, ардагерлерге тегін көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы циркінде «Қар патшайымы» ертегісінің жаңа нұсқасы көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында тұсауы кесілген бағдарлама әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына, ардагерлерге ақысыз, қайырымдылық іс-шарасы ретінде ұйымдастырылған. Мерекелік қойылымда Мәскеу циркінің әртістері, Испаниядан келген клоун, халықаралық цирк өнер фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болды.

"Біздің балаларымыз үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Мен бүгін қимыл-қозғалысы шектелген баламмен келіп отырмын. Көру қабілеті де нашар. Дей тұрғанмен, үйде қамалып отыру да қиын. Сондықтан осындай жиындарға көбірек алып шығуға тырысамын. Айналасындағылармен танысып, қоғаммен араласқанына ол да, мен де ерекше қуанамыз, алғасым шексіз!", – деді қала тұрғыны Анна Корелова.

Көне ертегінің жаңа нұсқадағы қойылымы үшін арнайы жаңа цирк нөмірлері, эксклюзивті костюмдер мен цирк реквизиттері дайындалған. Қар патшайымының мұзды жүрегін ерітуге көмектесетін спектакль тұсаукесерге келген балаларды мәз-мейрам етті. Сондай-ақ ұжым көрсетілетін бағдарламаға интерактивті лазерлік шоу да енгізген.

"Бұл үрдіс жыл сайын ұйымдастырылады. Премьера қайырымыдылық іс-шарамен басталды, 1700 бала келеді. Жылына 10-12 қайырымдылық іс-шара жасаймыз", – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Саяқбай Қаралаевтың шығармалар жинағының тұсауы кесілді

Новости партнеров