Қарағанды маңында жас ана мен нәресте жол апатынан қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қайғылы оқиға Қарағанды – Жезқазған тасжолында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан жас әйел нәрестесімен бірге қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Вечерняя Караганда» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 8 тамызда шамамен сағат 14:30-да Қарағанды қаласына жақын маңыдағы тасжол қиылысында болған.

"BMW мен Audi көліктері соқтығысуы салдарынан әйел мен үш айлық сәби оқиға орнында көз жұмды. Оларды аман алып қалу мүмкін болмады. Audi көлігінде бір отбасы отырған. Әкесі мен 4 және 8 жастағы екі баласы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Дәрігерлер қазір олардың өмірі үшін күресіп жатыр, зардап шеккендердің жағдайы туралы толық мәлімет әзірге нақтыланып жатыр.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеушілер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Балаларды құлдықта ұстаған: Жамбыл облысында күдікті ұсталды

Новости партнеров