Түнгі рейд: Жамбыл облысында 5 мыңнан аса жасөспірім полицияға жеткізілді

polisia.kz
polisia.kz

Өңірде түнгі рейдтік шаралар жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында түнгі рейдтік шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, бақылаусыз жүрудің және түнгі мезгілде орын алатын заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында өңір аумағында жүйелі түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Аталған іс-шаралар жыл басынан бастап тұрақты негізде өткізіліп, нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

«Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) бойынша 177 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Осы бап аясында жасөспірімдерді түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіргізген мекеме иелері әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 5648 жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Жамбыл полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршылардан балаларының жүріс-тұрысына ұдайы назар аударып, олардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Каспийге жасөспірім батып, көз жұмды

Новости партнеров