Қарағанды облысында үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

1975 жылы туған үй иесін өрт сөндірушілер құтқарып қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында қайғылы жағдай. Бұқар Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин кентіндегі жеке сектордағы үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тілсіз жаудың кесірінен тағы бір азамат уланып, күйік шалу диагнозымен ауруханаға жатқызылды. 1975 жылы туған үй иесін өрт сөндірушілер құтқарып қалған.

"ТЖД өрт туралы хабарлама сағат 23:38-де түсті. Жалын Ғабиден Мұстафин ауылындағы жеке үйде пайда болды. Өрттің салдарынан 1972 және 1979 жылы туған 2 адам мерт болды. Олардың бірі кенттік ауруханада көз жұмды. Өрт сағат 00:38-де 40 шаршы метр аумақта жойылды. Өрт ашық от көзі – темекі, сіріңке сөндірілмегендіктен тұтанған", – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Құрмет Жұмекенов.  

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Новости партнеров