Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Ал 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының "Алматы-Екатеринбург" тас жолында 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көлік апаты Құрма ауылына жақын маңда болған. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. Қайғылы оқиға қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші және оның 6 жолаушысы оқиға орынында көз жұмды. Сонымен қоса 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді", – деді Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Оқи отырыңыз: Астанада адамды автобус басып кетті

Новости партнеров