Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз есепке қойғандар анықталды

Заңсыз тіркелген жүк көліктерінің саны 33-ке жеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз есепке қою арқылы жергілікті бюджетке 315 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, аталмыш азаматтар жүргізушілерді бастапқы тіркеуден және утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында жүйеге көлік құралдарының VIN-кодына қатысты жалған деректерді енгізген. Заңсыз тіркелген жүк көліктерінің саны 33-ке жеткен.

"Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды оқиға: полицейлер төбелестің қалай басталғанын бейнежазбаны көрсетті

Новости партнеров