Абай тойына 15 мемлекеттен және еліміздің барлық өңірінен делегация келді
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралардың соңғы күні ақынның туған жері – Абай ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аbaiaqparat Телеграм-каналына сілтеме жасап.
Дүбірлі мерекеге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Үкімет мүшелері, шет елдерден келген делегациялар және еліміздің әр өңірінен жиналған қонақтар қатысты.

Сондай-ақ Абай тойына еліміздің барлық өңірінен қонақтар келіп жатыр. Абай тойына 15 мемлекеттен және еліміздің барлық өңірінен делегация келді
Абай Құнанбайұлының рухына бағышталып түйе малы құрбандыққа шалынды

Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Абай ауданының орталығында өткен шараға аудан әкімі Мейіржан Смағұлов, зиялы қауым өкілдері, сырттан келген қонақтар және жергілікті тұрғындар қатысты.

Айта кетейік, бұл рәсім облыстық барлық қала мен аудандарына бір мезетте ұйымдастырылды.

Той салтанаты сахналық театрландырылған көрініспен ашылды.
Қарауыл төбеде Абай тойының ашылу салтанаты өтті.

Қарауыл төбеге Абай тойын тамашалауға келіп жатқан қонақтардың санында шек жоқ Соңғы мәліметке сәйкес, дүбірлі тойды тамашалап жатқандардың жалпы саны 50 мың адамнан асқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда 5 мыңнан астам адам Абай әндерін шырқап, ескерткішіне гүл қойды