Қарулы қақтығыс: бір науқастың жағдайы ауыр

Оқ жаудырған алматылық күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында ауыл ішінде қарулы қақтығыс болып, 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кеше кешкі сағат 21:30-да Мойынқұмда болған. Қазір 19, 22, 26 және 28 жастағы жарақат алған тұрғындар аудандық ауруханада жатыр. Оларға ота жасалған. Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Резеңке оқ оның басына, кеуде қуысы мен білегіне тиіп, жамбас тұсының бірнеше жерін тескен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, 26 және 28 жастағы 2 күдіктіге іздеу жарияланды. Оқ жаудырған алматылық күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

 «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке бастары анықталды. Оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндыз Бөгенбаева.

Оқи отырыңыз: Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген екі баланың жағдайы белгілі болды

Новости партнеров