Каспий итбалығының қырылуына не себеп болуы мүмкін

06.11.2025 14:50

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылған

Каспий итбалығының қырылуына вирустық инфекция себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түпқараған ауданындағы жағажайды зерттеген мамандар «иммунитеті әлсіз итбалықтар шамамен 1 ай бұрын теңізде өлген, өлекселер күшті дауылдың әсерінен жағалауға шығып қалуы ықтимал» дейді.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Баутино мүйісінен 112 өлі итбалық табылған. Балық инспекторлары оларды жинастырып, арнайы полигонда жойды. Теңіз жағалауын бақылау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

«Бүгін жел. Ауа райы әлі қолайсыз болып тұр. Құдай қаласа, ертең тағы да мониторингке шығамыз. Мониторинг күнделікті жүргізіліп тұрады. Мүмкін 112 дана деген өзгеруі де мүмкін. Қазіргі таңда анықталған 112 итбалық өлексесін жергілікті атқарушы орган өкілдері полигонға апарып, жойды. Қазір жағалау толықтай тазартылды», – деді Балық инспекциясы басқармасының басшысы Қонарбай Базарбаев.

Оқи отырыңыз: Астана қаласындағы базарлардың бірі өртеніп кетті