Төтеншеліктер Құлсары қаласының тумасын жағадан 40 метр қашықтықтағы 3 метрлік тереңдіктен тауып, шығарған
Каспийге жасөспірім батып, көз жұмды. Оқиға 5-шағынаудан маңындағы теңіз жағалауында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың мәліметінше, 2008 жылы туған бозбала шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жеткіншекке көмек көрсету үшін үрмелі құтқару құралы лақтырылған. Алайда қатты толқын оны су түбіне алып кетіпті. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде төтеншеліктер суға кеткен Атырау облысы, Құлсары қаласының тумасын жағадан 40 метр қашықтықтағы 3 метрлік тереңдіктен тауып, шығарған.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Маңғыстауда 4 жасөспірім Каспийге батып кетті.
«Келіп түскен ақпаратқа сәйкес Маңғыстау облысы ТЖД оқиға орнына шұғыл жеткеннен кейін Атырау облысы, Құлсары қаласының тұрғыны екені анықталды.
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары, ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз су айдындарына, оның ішінде суға түсуге тыйым салынған және жабдықталмаған орындарға жібермеуіңізді сұраймыз», – деді Маңғыстау облысы ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан.
Оқи отырыңыз: СҚО-да жазасын өтеушілер арасында некеге тұратындар саны артқан