Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдауда шектеу жоқ

Almaty.tv
Almaty.tv

Келтірілген шығын көлемі әлі анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдауда шектеу жоқ». Сенат кулуарында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Ресейдің Новороссийск портындағы төтенше жағдайға байланысты осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жағдай Үкіметтің ерекше бақылауында. Келтірілген шығын көлемі әлі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, 29 қарашада Каспий құбыр консорциумының Новороссийск маңындағы теңіз инфрақұрылымына қашықтан басқарылатын су көліктерімен шабуыл жасалған. Салдарынан екінші сыртқы айлақ құрылғысы айтарлықтай зақымданған. Қондырғы толық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін пайдаланудан шығарылған.

«Бұл жағдай Үкіметтің ерекше бақылауында. Қазір тасымалдау бірқалыпты жүріп жатыр. Бір айлақ толық жұмыс істеп тұр. Ал екінші айлақты жүйеге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, мұнай тасымалдауға ешқандай шектеу жоқ», – деді ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Түркістан облысында өнер мектебі ашылды

Новости партнеров