Ол Әулие аралының шығысында орналасқан
Ерболат Мұхашов Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты пайда болған жаңа арал туралы айтты. Ерекше құрлық бөлігі видеоға түсірілді,
Ерболат Мұхашовтың айтуынша, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, атап айтқанда Каспий итбалықтары мекендейтін аралдар маңында (Құланды, Теңіз, Әулие, Тау бөктері, Үшарал, Маяқшыққан, Долгий) теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты соңғы 4-5 жылда жаңа аралдар пайда бола бастаған.
Жақында пайда болған аралдардың бірі – Балықты аралы. Ол Әулие аралының шығысында орналасқан.
«Жаңа арал Әулие аралынан шамамен 500 метр шығысқа қарай, Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан», – деді ол.
Ерболат Мұхашов аралдардың негізгі мекендеушілері қасқырлар екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл аумақта жабайы қабандар мен борсықтар да кездеседі. Жағалаудағы сулар мен аралдарда балық пен құстың неше түрі мекендейді.
Дереккөз: Lada.kz
Оқи оытырыңыз: Алматыда макулатураны қайта өңдеу қуаты артып келеді