Қауіпті кезең: елімізде 260-тан астам орман өрті тіркелген

Жалпы аумағы 27 мың гектар алқапты қызыл жалын шарпыған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өрт қаупі кезеңі басталғалы елімізде 261 орман өрті тіркелген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, жалпы аумағы 27 мың гектар алқапты қызыл жалын шарпыған. Сондай-ақ 14 жарым мың гектар аумақта 16 дала өрті тіркеліпті. Қазіргі кезде орман мен жазық далада арнайы мобильді топтар жұмыс істейді екен. Бүгінге дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған үш мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылып, 52 миллион теңгеден көп айыппұл арқалаған.  

«Орман алқаптарында су шашу құрылғылары бар авиация кезекшілік атқарады. Бүгінде 24 борт дайындықта тұр. 26 орманшылықта министрлік күштері 36 механикаландырылған күзет бекетін құрды. Табиғи өрттердің алдын алудың жаңа моделі өрт санын барынша азайтуға мүмкіндік берді», - деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев.

Сондай-ақ елдімекендерде және саяжайда от жағуға қатысты талаптар күшейтіліп жатыр. Мамандар өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, ошаққа тамақ пісіргенде жақын жерде міндетті түрде 2 келілік өрт сөндіретін құрылғы немесе 10 литр су болуы қажет дейді. Сондай-ақ от жағатын орын мен үйдің арасы кемінде 10 метр болуы керек екен.  

«Егерде өрт қауіпсізді талаптары бұзылып, өрт оқиғасы бола қалса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес қандайда бір өрт қауіпсіздігі талаптарын үшін 410-бабына сәйкес жеке тұлғаларға ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл қарастырлған», - деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Аспандияр Сапарғалиев.

Оқи отырыңыз: Бақылау күшейеді: Астанада автобустарға жаңа бейнекамера орнатылады

Новости партнеров