Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда

31.03.2026 10:40

Еліміз Global Innovation Index рейтингінде 81-орында тұр 

Depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында өзі басшылық ететін салаға инновацияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті.

Осы тапсырманы орындау аясында ҒЖБМ-ға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жекелеген міндеттері мен функциялары жүктелді.

«Бұл шешім инновациялар ғылым, университеттер және зерттеу орталықтары базасында қалыптасатын халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Алайда, инновациялар тек бір ведомство шеңберінде ғана емес, бүкіл мемлекеттік жүйе деңгейінде үйлестіруді талап ететін күрделі салааралық міндет екенін түсіну маңызды», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Министр Қазақстан Global Innovation Index рейтингінде 81-орында, ал Гарвард университетінің Экономикалық күрделілік индексінде 55-орында тұрғанын хабарлады. Бұл тұста GII – 78 индикаторды қамтитын кешенді халықаралық индекс екенін айта кету қажет.

«Аталған рейтингтегі еліміздің орны – бір ғана ведомствоның қызметінің нәтижесі емес, инновациялық дамудың негізгі бағыттары бойынша 10-нан астам мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының нәтижесі»,  — деді Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Агрегаторлар мен ауыл шаруашылығы: салық саясаты қайта қаралады